Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуімді әкімдік қызметкері өлтірді": Алматы тұрғыны Сағынтаевқа видеоүндеу жолдады

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: Instagram/kris.p.online

Күйеуін әкімдік қызметкері өлтіргенін айтқан Алматы қаласының тұрғыны Ажар Әбдрешева әлеуметтік желіде видеоүндеу жасады. Ол оңтүстік астананың басшысы Бақытжан Сағынтаевтан жағдайды бақылауға алуды сұраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға үстіміздегі жылдың 22-ақпанында болған. Қаладағы үйлердің бірінің ауласында Кенже Байниязов есімді азамат жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, оқиға орнында қайтыс болған.

Ажар Әбдрешева күйеуін өлтірген күдікті қала әкімдігінің бас есепшісін тасымалдаған көлік жүргізушісі екенін жеткізді.

"Қазіргі уақытта менің қолымдағы деректер бойынша, күдікті оқиғадан бұрын жұмыстан шығып кеткен деген жалған құжат жасалған. Ол 2021 жылы 18 ақпанда жұмыстан шығарылған дегенге сенбеймін. Ал адам өлген күні ол оқиға орнына қызметтік көлікпен келген. Бұған дәлел бар. Демек 22 ақпан күні күдікті әкімдікте жұмыс істеп жүрген. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтан қызметтік тексеру жүргізуді сұраймын. Күдікті психикалық ауруға ұшыраған деген анықтама алып алған, сол себепті жауапкершіліктен қашып кете ме деп алаңдаулымыз", - дейді қала тұрғыны.

Марқұмның артынан әйелі мен екі баласы қалған.

Осы жағдайға байланысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында бұл істі жеке бақылауына алғанын жеткізді.

Қалалық полиция департаментінің басшысы бұл оқиғаға қатысты арнайы брифинг өткізбекші.

"Алматылық Ажар Әбдірешеваның өтінішімен оның жұбайын өлтіру дерегі бойынша істі жеке бақылауыма алдым. Күдікті қамауға алынды. Қалалық Полиция департаментінің басшысы Қ. Таймерденовке тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын", - делінген жазбада.

Сонымен қатар, "Алматы қаласы Шаруашылық басқармасы" ЖШС директоры Қуанышбек Баяманов күдіктінің сол компанияда жүргізуші болып жұмыс істейтінін жасырмады.

"Ажар Әбдірешеваның жұбайын өлтіргені туралы арыз-шағымы бойынша күдіктінің "Алматы қаласының Шаруашылық басқармасы" ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол штатта тіркелген. Жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттеріне байланысты жұмыста жоқ", - делінген оның жауабында.

Алматы қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметі бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабардар етті. Күдіктіның қаладағы ауруханалардың бірінде ем алып жатқаны белгілі болды. Оны полиция (Алатау аудандық полиция басқармасының өкілдері) күзетуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды, делінген полиция департаментінің хабарламасында.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901348-almaty-turgyny-kuieuin-akimdik-qyzmetkeri-oltirgenin-aityp-videoundeu-zasady/

pixel