Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: 50 полицей жәбірленуші ретінде танылған

Жарияланған күні:

Видеодағы кадр
Сәтбаевтағы тәртіпсіздік сәті. Видеодағы кадр: әлеуметтік желі

Қарағандыда өткен жазда 5 жасар қызды ұрлап, зорлағаннан кейін болған Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға қатысты сот басталды. 50 полиция қызметкері жәбірленуші деп танылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қылмыстық іс Қарағанды ​​облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Кенжебай Ысқақбаевтың төрағалығымен қаралып жатыр.

Негізі сот талқылауы барысында іс бойынша 54 адам айыпталып жатқаны белгілі болды, оның 48-і ер адам алтауы әйел адам.

Арасында студенттер де бар. Олар жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты, сондай-ақ билік өкілдеріне күш қолданды деп айыпталуда.

Ал іс бойынша 64 адам жәбірленуші ретінде танылған: Оның 50-і – полиция қызметкерлері, 13-і – бейбіт тұрғындар және 1 адам – ​​Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің өкілі.

Сондай-ақ прокурорлар бұрын іздеуде болған тағы бір адамды іс материалдарына қосуды сұрады.

Оған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты және билік өкілдеріне қарсы күш қолданды деген айып тағылуда.

Судья Кенжебай Ысқақбаев прокурордың өтінішін қанағаттандырып, жаңа айыптау актісін дайындау туралы шешім шығарды.

Еске салсақ, Сәтбаевтағы тәртіпсіздік өткен жылдың шілде айында болған еді.

Ол кезде қалада 5 жасар қыз бала жоғалып кеткен болатын. Кейінірек қыз бала жергілікті тұрғындардың бірінің пәтерінен табылды. Оның зорланғаны хабарланды.

Ашуға булыққан наразы жұрт күдіктіні жазалу үшін өздеріне беруін талап етті. Бұл жайттың соны жаппай тәртіпсіздікке ұласып, салдарынан полиция қызметкерлері жарақат алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901363-satbaevtagy-zappai-tartipsizdik-50-policei-zabirlenusi-retinde-tanylgan/