RU

Ақтөбе облысында екі адам газдан уланып, көз жұмды

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылындағы жеке үйден екі адамның денесі табылды. Екеуі де белгісіз газдан уланып қалған деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Мешіт көшесіндегі үйден 1951 жылы туған үй иесі мен 1976 жылғы тұрғынның денесі табылған.

Алдын ала болжам бойынша, екеуі де белгісіз газдан уланған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар Хромтау ауданы Көктау кентінде де екі адам табиғи газдан уланып қалған. Олардың тез арада ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, дәрігерлер 1987 және 1990 жылы туған екі адамның жағдайы ауыр екенін жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түркістан қаласындағы жеке үйлердің бірінен бір ересек адам мен кәмелеттік жасқа толмаған төрт баланың денесі табылған еді.

Кейін оқиғаның мән-жайы айтылды. Белгілі болғандай көз жұмғандар анасы мен төрт баласы.

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға үй ішіндегі пеш себеп болған яғни олар исті газбен уланып қалған. Табиғи газбен жабдықталған үйде иран пеші орнатылғаны анықталды.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Пештің талапқа сай немесе сай еместігін анықтау үшін сот-техникалық сараптамасы тағайындалған.

Анасы мен төрт баласы туған жері Қызылорда облысы Жаңақорғанға жерленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901379-aqtobe-oblysynda-eki-adam-gazdan-ulanyp-koz-zumdy/