Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында үйден бір ересек адам мен төрт баланың денесі табылды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Фото: pixabay.com

Түркістан қаласындағы жеке үйлердің бірінен бір ересек адам мен кәмелеттік жасқа толмаған төрт баланың денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"27 ақпан күні сағат 18:35 шамасында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік-диспетчерлік қызметі пультіне "103" қызметінен хабарлама түсті. Онда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйден көршілері тіршілік белгісі жоқ 5 адам денесін тапқаны туралы айтылған.

Олардың төртеуі кәмелетке толмаған бала. Үйде өрттің белгілері анықталмады. Тұрғын үйде табиғи газ арқылы жылу беру жүйесі орнатылған", - дейді ТЖМ ресми өкілі Талған Уәли.

Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің, полция департаментінің, жедел жәрдем қызметінің және "ҚазТрансГаз" АҚ қызметкерлері аттанған.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жер үйде газ жарылып, бір отбасы далада қалған еді.

Белгілі болғандай жарылыс болған үй орналасқан Құрсай ықшамауданына көгілдір отын жақында ғана беріліпті.

Отбасы енді ғана берілген газды қоспақ болғанда, ол лап етіп тұтанып, күшті дүмпу болған. Салдарынан 2013 жылы ғана тұрғызылған үйдің күл-талқаны шыққан.

Ал зардап шеккен отағасы, әйелі мен 19 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізілген. Оларды әртүрлі дәржеде күйік шалған.

Жәбірленушілер бұған газ тартқан жекеменшік компанияны кінәләйді. Айтуларынша, құбыр жүргізгенін мердігер нұсқаулықты телефон арқылы берген. Бұл жайттың ақ-қарасын құзырлы органдар анықтамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901195-turkistan-oblysynda-bir-eresek-adam-tort-balanyn-denesi-tabyldy/

pixel