Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұйқыдан оянған соң әйелін таппай қалған павлодарлық полицияны аяғынан тік тұрғызды

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы қызметтік көлігінің жанында
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ішімдіктан ұрттаған павлодарлық азамат әйелін әлдекімдер ұрлағанын айтып, полицияға хабарласқан. Ал жұбайы бұл уақытта жұмыста болған деп хабарлайды polisia.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, ішімдік ішкен соң ұйқыға кеткен ер адам оянған соң жұбайының үйінде жоқ екенін байқаған. Сөйтіп полицияға хабарласқан.

Азамат тәртіп сақшыларына жарын ұрлап кеткенін, белгісіз біреулер өзіне хабарласып, ақша талап еткенін жеткізген. Бірден іске кіріскен полицейлер ешқандай ұрлық болмағанын анықтаған.

Белгілі болғандай әйел адам таңертең жұмысқа кетіп, күні бойы сонда болған.

Ал павлодарлық тұрғын: "Түс көрдім ғой деймін", - деп ақталған.

Полиция "102" оператор пультіне Павлодар қаласы бойынша күнделікті 300- 500 қоңырау түсетінін, әр факті жеке-жек тексерілетінін мәлім етті.

Көп жағдайда тұрғындарға шын мәнінде көмек қажет болса, кейде полиция қызметкерлеріне жүгінуші ұсынған жалған факті бойынша мән-жайды анықтауға тура келеді екен.

Мәселен жыл басынан бері полицияға 17,5 мың хабарлама түсіп, оның сегіз мыңы расталмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда полицияға жалған ақпарат берген ер адам айыппұл арқалаған еді.

Ол полцияға әйелін ұрып жатқанын айтқан. Алайда құзырлы орган өкілдері тексере келе ақпараттын жалған екенін, ер адамның мас күйінде болғанын анықтаған.

Тұрғын кінәсын мойындап, әрекетін ішімдікті шамадан тыс ішіп қойғанымен байланыстырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901532-uiqydan-oyangan-son-aielin-tappai-qalgan-pavlodarlyq-policiyany-ayagynan-tik-turgyzdy/

pixel