RU

Айдос Сарым депутаттардың қандай үйде тұратынын көрсетті (видео)

Айдос Сарым
Видеодан кадр: Sputnik Қазақстан

Мәжіліс депутаттары сайлаудан кейін парламент ғимаратының маңында орналасқан "Нұрсая" тұрғын үй кешеніндегі қызметтік пәтерлеріне енді ғана орналаса бастады. Тұрғын үй олардың өкілеттік мерзіміне беріледі. Айдос Сарым халық қалаулылары қандай жағдайда өмір сүретінін көрсетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тарихшы- саясаттанушы, қазіргі депутат Айдос Сарым парламенттегі жұмысына дейін Алматыда үш бөлмелі пәтерде тұрған. Жаңа қызметке орналасқан соң жұбайымен бірге Нұр-Сұлтан қаласына көшіп келген. Ережеге сәйкес, қызметтік пәтерлерді тек басқа қалада тұратын мәжілісмендер ала алады.

Халық қалаулылары пәтер алатын "Нұрсая" тұрғын үй кешені қаланың қақ ортасында орналасқан. Депутаттар жұмысқа жаяу 5 минутта жетеді. Пәтердің жағдайы жанұя құрылымына байланысты болады. Яғни, балалар санына байланысты шаршы метрі де көбейеді.

Айдом Сарымның өзі екі бөлмелі пәтер алған. Терезесі парламент ғимараты мен тұрақта тұрған көлік ауласына қарайды. Мәжілісмен үйден жұмысын, ал кабинетінің терезесінен жаңа үйін көретінін айтып қалжыңдайды. Тұрғын үй пәтерлері комфорт санатына жатады.

Депутаттың үйіне барған журналистер олардың қарапайым тұратынын байқаған. Ақ қабырға, нөмірленген жиһаздар тұрған пәтерде италиялық дивандар мен элиталы кілемдер байқалмайды.

Халық қалаулылары пәтерде өз өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін тұра алады. Ал қызметтен кеткен соң пәтерді бәз қалпында қайтаруы керек. Коммуналдық төлемді депутаттардың өзі төлейді.

Айдос Сарымның пікірінше, депутат болу - тек артықшылықтар мен бонустар ғана емес, жауапкершілік те алу.

"Әрине, лауазым біліміңді, сый-құрметіңді арттырады. Министрлі пен әкімдікке хабарласып, анықтамалар сұрап, нақтылау оңай. Бірақ, "керемет, мен депутат болдым, жетеді" деген ой ешқашан болмаған. Оңай ештеңе жоқ, бәрі әлдеқайда қиын екенін түсінуіміз қажет",- деді мәжілісмен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901540-aidos-sarym-deputattardyn-qandai-uide-turatynyn-korsetti-video/