RU

Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ермек Кенжеханұлы
Ермек Кенжеханұлы: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды.

Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ермек Кенжеханұлы "Болашақ" халықаралық стипендиясы" бағдарламасы аясында Ұлыбританияның​ Рединг университетін «ауыл шаруашылығы саласындағы экономист", Кореяның Аджу университетін​ "экономика және бизнес магистрі" мамандығы бойынша​ тәмамдаған.​

Еңбек жолын "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның несиелік өнімдерді әзірлеу департаментінің менеджері болып​ бастаған.

Әр түрлі жылдары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің инвестициялық жобалар және​ қаржылық құралдар департаментінің инвестиция басқармасының басшысы болды,​ ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық​ және экономикалық интеграция департаментінің халықаралық ынтымақтастық​ басқармасын, Ақтөбе облысы сыртқы байланыстар және туризм басқармасын,​ Ақтөбе облысы ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасын басқарды.

2020 жылы Ермек Кенжеханұлы Президенттік жастар кадрлық резервіне кірді.

Аталмыш​ лауазымға тағайындалар алдында Мәртөк ауданының әкімі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901567-aqtobe-oblysy-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/