Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Шымкентте қос азаматтығы бар дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов қызметінен босатылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Шымкент қаласы әкімінің 2021 жылғы 25 ақпандағы №40-к өкімімен ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 61 - бабы 1-тармағы 10-1) тармақшасының негізінде дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов қызметінен босатылды", - деп хабарлады әкімдіктен.
Ведомство 2 ақпанда Шымкент қаласы әкімінің аппаратына полиция департаментінен хат келіп түскенін мәлімдеді. Онда дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Ресей Федерациясының азаматтығына ие екені айтылған.
Бұл хабарлама келіп түскен кезде шенеунік ақысыз демалыста болған. Жұмысқа шыққаннан кейін Почивалов 2021 жылдың 8 ақпанында Әл-Фараби аудандық сотына Шымкент қаласы полиция департаменті шығарған азаматтығынан айыруға қатысты қорытынды күшін жоюға және Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру туралы хабарламаға қатысты өтініш берді.
Алайда 2021 жылдың 22 ақпанда Әл-Фараби аудандық соты шешімімен Почиваловтың Шымкент қаласы полиция департаментіне жазған өтініші қанағаттандырылмады.
Айта кетейік, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Олег Почиваловқа араша түскен еді. Ол Қазақстанда Почивалов секілді мамандардың аз екенін айтып, оған екінші мүмкіндік беруді сұраған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901621-symkentte-qos-azamattygy-bar-seneunik-qyzmetinen-bosatyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.