Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан коммуналдық төлемнің арзандығы тұрғысынан Өзбекстаннан қалып қойды

Жарияланған күні:

Коммуналдық қызмет
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандықтар коммуналдық төлемге айлығының 12 пайызын жұмсайды. Осы индексті өлшеген әлемдік рейтингте еліміз 106 елдің ішінде 20-шы орынға жайғасқан деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Ал аталмыш қызметтің қолжетімділігі тұрғысынан 53-ші орында тұрақтады. Орта есеппен тұрғындардың 21 мың теңгесі коммуналдық төлемге кетеді екен.

Коммуналдық төлемнің арзандығы бойынша рейтингтің көшін Кувейт, Швеция мен Катар бастап тұр. Бұл елдерде тұрғындар айлығының тек үш пайызын ғана коммуналдық төлемге шығындайды екен.

Көрші Өзбекстанның өзі бұл көрсеткіш бойынша бізден озып тұр.

2020 жылы электр қуаты 8 пайызға қымбаттады. Бірақ, осыған дейін Табиғи монополияларды реттеу комитеті биыл тариф бағасы көтерілмейтінін алға тартты.

Алайда жалақының орташа 12 пайызы коммуналдық төлемге жұмсалуы көпшіліктің қалтасын қағатыны рас.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде дәрігерлердің жалақысын қашан жарты миллионға дейін көтеретіні белгілі болғанын жазған едік.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын еске салды.

Одан бөлек, Қазақстанның жанармай құю бекеттерінде ең танымал бензин маркасының литрі қымбаттағанын жазған болатынбыз.

Бұған дейін қазақстандықтар АИ-92 бензиніне литріне орташа есеппен 150 теңге жұмсаған. Бірақ қазір елдегі жанармай құю бекеттеріндегі баға литріне 160 теңгеге дейін өсті. Яғни, ел бойынша орта есеппен 7 теңгеге өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901647-qazaqstan-kommunaldyq-tolemnin-arzandygy-turgysynan-ozbekstannan-qalyp-qoidy/