Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде дәрігерлердің жалақысын қашан жарты миллионға дейін көтеретіні белгілі болды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге қай жылы жететінін Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Алексей Цой айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын еске салды.

"2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге жетеді деп болжануда. Мәселен, 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджетте тиісті шығыстар көзделген: 2021 жылы – 222 млрд теңге, 2022 жылы – 362 млрд теңге, 2023 жылы - 557 млрд теңге", - деп түсіндірді ол.

Министр "осылайша, 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңге болатынын және 2023 жылы жарты миллионға дейін жететінін мәлімдеді.

"2023 жылы 561 мың теңгеге дейін жетеді. 2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңге, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді", - деді Алексей Цой.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде ең жоғары жалақыны кімдер алатыны белгілі болғанын жазған едік.

2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындылары бойынша қазақстандықтардың орташа айлық жалақысының мөлшері жылдық 14,3 өсімді көрсетіп, 233,1 мың теңгеге жеткен.

Инфляцияны есепке алғанда, нақты өсім 6,5 процентті құраған. Салыстырмалы түрде, 2019 жылдың сәйкес кезеңінде қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 203,9 мың теңгені құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1901335-elimizde-darigerlerdin-zalaqysyn-qasan-zarty-millionga-deiin-koteretini-belgili-boldy/

pixel