Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйі өртеніп алты баламен далада қалған алматылық әйел көпшіліктің көмегіне мұқтаж

Опубликовано:

фото
Видеодан кадр: 31 арна

Алматы облысы Талдыбұлақ ауылында үйі өртеніп, көпбалалы ана далада қалды. Туысының үйін паналап жүрген әйел адам енді қайда барарын білмейді деп хабарлайды 31 арна.

Алты баланың анасы Айгерім Абдуллақызы өрт болған күні қолына ілінген заттарын алып, жеңіл киіммен қашып шығып, аман қалған.

Ол үйі өртенген түнді әлі де қорқынышпен есіне алады. Шатырдан шыққан өрт лезде балалары жатқан бөлмеге лап қойған.

Келіншектің айтуынша, жеті айлық қызын құшақтап құжаттарға ұмтылғанда, үлкен ұлы інілерін жетектеп сыртқа шығып үлгерген.

"Гәлөш-мәлөшпен не бар сонымен сыртқа атып шықтық. Үй қағаз сияқты жанып, бір сәтте тамтығы қалмады", - дейді Айгерім Абдуллақызы.

Алты баланың анасы қазіргі уақытты туысының үйінде түнеп жүргенін атап өтті. Осы орайда Айгерім ескі үйін қалпына келтіру үшін көмек сұрайды.

Телеарнаның мәліметінше, өртке оранған үйдің орнына жаңадан үй тұрғызу үшін бұл жердің құжатын қайта рәсімдеу керек екен. Оның өзі екі-үш ай уақыт алатыны белгілі болды.

Ал алты баласымен далада қалған көпбалалы анаға әкімдік уақытша тұратын пәтер іздестіріп жатқанын айтады.

"Жақсы варианттар қарастырып жатырмыз. Біз жақын арада табуға үміттенеміз. Тапқан соң тағы қосымша айтылады ғой. Біз тез арада табамыз деп үміттенеміз", - дейді Белбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Мәден Бақтыбаев.

Ал Талғар ауданы әкімінің орынбасары Қайдар Әлиханұлы Instagram парақшасында осы отбасыға уақытша пәтер жалдап бердік, демеушілерді шақырдық деп жариялаған. Алайда, әкімдік баспананы әлі таппаған көрінеді.

Дегенмен, жергілікті билік жағдайға жанашырлықпен қарап, бір екі үйді ұсынып көрген. Бірақ отбасы жалдау ақысы қымбат әрі алыс деп келіспеген. Себебі балалары Талдыбұлақта оқиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901671-uii-ortenip-alty-balamen-dalada-qalgan-almatylyq-aiel-kopsilikten-komegine-muqtaz/

pixel