Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Миғраж түні жақындап қалды: Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с.) үш сый жасалған қасиетті түн туралы не білеміз

Опубликовано:

Ислам діні
Көрнекі фото: muftyat.kz

10-нан 11 наурызға қараған түн Миғраж түні. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап, қасиетті түн туралы бірқатар қызықты мәліметтерді назарға ұсынады.

Ғажап оқиға

ҚМДБ өкілі Хасан Аманқұлдың жазуынша, осыдан 1400 жыл бұрын, яғни 621 жылы Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні Ислам тарихында ғажап бір оқиға болып өткен. Ол Миғраж оқиғасы болатын.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) түнгі сапарда көк жүзінен өтіп, ғайып әлемін аралаған, Ұлы Жаратушымен қауышып, тілдескен.

Бұл жерде исра мұғжизасын да айта кету керек. Мұғзижа - пайғамбарларға берілген Алла Тағаланың кереметі, көзбен көрінетін және сезілетін құбылыстар. Пайғамбардан басқа ешбір тірі жанның қолынан келмейтін іс. Ал "Исра" сөзі мағыналық жағынан "түнделетіп жол жүру"дегенді білдіреді. Алла Тағала сүйікті құлын (с.ғ.с.) түннің бір мезгілінде Меккедегі Харам мешітінен Құдыстағы Ақса мешітіне көзді ашып-жұмғанша апарып, қайта алып келген.

Осы түнде періште Жәбірейіл Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с): "Уа, Мұхаммед, Алла Тағала ешкімге нәсіп етпеген шарапатты саған нәсіп етпек. Сені құзырына шақырып жатыр", – дейді.

Осыдан кейін Жәбірейіл (періште) оны Харам мешітінен Ақса мешітіне бір сәтте алып келеді. Бұл туралы Құранда: "Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен айналасына өзіміз құт-береке дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін алып барған Алла – мінсіз, пәк. Ол шәк-шүбәсіз бәрін естуші, бәрін де көруші", – делінген ("Исра" сүресі, 1-аят).

Ақса мешіті де мұсылмандар үшін қасиетті саналады. Ол Мұса, Иса және екеуі арасында өткен барлық пайғамбарлардың қыбыласы болған. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) да Меккедегі Харам мешіті қыбыла болғанға дейін сол Ақса мешітіне қарап намаз оқыған.

"Миғраж" сөзі не мағына береді

"Миғраж" биікке көтерілу, жоғарылау деген мағынаға саяды. Дін тұрғысынан Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) түннің бір уақытында Ақса мешітінен аспандағы Сидратул-мүнтахаға көтерілгенін айтамыз. Бұл жайында Құранда: "Сол сәтте Сидраны (болмыстың ең шетіндегі жаратылыс ағашын) қапсырған (Алланың рақымы) оны одан сайын қапсыра түсті. Алла елшісінің көзі асып-саспады һәм басқа жаққа таймады (көргенін анық көрді), сондай-ақ, көру шегінен де ары аспады (яғни, елес көрмеді)", – деп баяндалған ("Нәжім" сүресі, 16-17 аяттар).

Исра оқиғасы түс те, рухани серуен де емес. Ол Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) өңінде денесімен, әрі рухымен жасалған сапар.

Бұл мұғжиза (ғажайып оқиға) Құранмен де, сахих хадистермен де дәлелденген. Осы бір құтты оқиғадан кейін Алла елшісі (с.ғ.с.) көргендерін жұртқа жеткізгенде оған жүрегіне иман нұры орныққан жандар иман келтірді.

Алла Тағала Адам, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Жүніс, Иса және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарларды Миғраж мұғжизасымен сыйлаған. Соның ішінде Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) миғражы ерек­ше өткен.

Намаз – мүміндердің миғражы

Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) сапарының жалғасында Ғарышқа өтіп, Алла Тағаламен тілдескен.

Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) Миғраж түнінде көзіне жас алып, өзіне ілескен барлық мұсылмандар үшін көп дұға-тілектер жасады, оларды ғафу етуді сұрады. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.): "Уа, Құдайым, мені миғраж мұғжизасымен нығметтендірдің. Үмметіме де осындай бір нығмет сұраймын", – деді. Хақ Тағала: "Намаз – мүміндердің миғражы", – деп Мұхаммедті (с.ғ.с.) осы хабармен қуантты. Мүмін - иман келтіруші деген ұғымды білдіреді.

Миғраж түнінде пайғамбарымызға жасалған үш сый

Миғраж түнінде Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с.) үш сый жасалды. Біріншісі, "Бақара" сүресінің соңғы екі аяты уахи ( жасырын сөйлеу, әмір ету, ишарат беру, асығу, хат жазу, т.б мағына береді) етілді. Екіншісі, Қиямет күні Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с.) үмметін шапағат ету шарапаты берілді. Үшіншісі, бес уақыт намаз парыз етілді.

Мұхаммедке (с.ғ.с.) Алла Тағаланың құдіретіне белгі болатындай көп мұғжизаларды көру нәсіп етті. Ең ұлысы Алла Тағаланың кемел дидарын көру болды. Бұл ешбір пайғамбарға нәсіп етпеген ең ұлы керемет еді. Сол үшін Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с.) берілген есепсіз мұғжизалардың ең үлкендерінің бірі – Миғраж мұғжизасы.

Өйткені, ол ең төменгі әлемдегі тозақты, ең жоғарғы әлемдегі пейішті өз көзімен көріп, тамашалады. Иә, шегі шексіз әлемді аралап шығу, көптеген оқиғаларды басынан өткізу түннің бір бөлігінде ғана болып өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901677-migraz-tuni-zaqyndap-qaldy-paigambarymyzga-us-syi-zasalgan-qasietti-tun-turaly-ne-bilemiz/

pixel