Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-банкир Жомарт Ертаев тағы да тоғыз жылға сотталды

Опубликовано:

Жомарт Ертаев
Жомарт Ертаев. Фото: ТОО "Алма ТВ"

Екінші қылмыстық іс бойынша экс-банкир Жомарт Ертаевқа сот үкімі шықты деп хабарлайды zakon.kz.

Ертаев қылмыстық топ құрғаны және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілігі бар қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Ертаев жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болады.

2020 жылдың қараша айында бұрынғы банкир Bank RBK-ға тиесілі 144 миллиард теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Жалпы алғанда, ол 20 жыл бойы жазасын өтеуі керек.

Экс-банкирден бөлек, екінші қылмыстық іске тағы бес адамның ісі қаралды:

  • Бизнесмен Нұрлан Тілеубаев (ақша жымқыру, жалған құжат әзірлеу баптары), тоғыз жылға орташа қауіпсіздіктегі колонияда жазасын өтеуге, он жылға материалдық жауапкершілігі бар қызметтен аластатылуға кесілді. Одан бөлек, Тілеубаев барлық марапаттарынан айырылды;
  • Әлімжан Тілеубаев болса, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін орташа қауіпсіздік колониясында 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Ақан Сұлтанов ақша бопсалау дерегі бойынша айыпталып, мерзімі ескіргендіктен оған жаза тағайындалмады;
  • Оксана Шестакова мен Серік Атабай аса ірі көлемде алаяқтық жасап, жалған құжат әзірлегені үшін кінәлі деп табылды. Атабай 5,5 жылға, ал Шестакова 5 жылға бас ботсандығынан айырылды. Екеуі де жазасын орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейтін болады.

Сот Тілеубаевтардан, Ертаевтан, Атабай мен Шестаковадан "DSFK (ДСФК) арнайы қаржы компаниясы" ЖШС-ның есебіне 97 млрд теңгеден астам мемлекеттік баж салығын және мемлекет есебіне 2 млрд теңгеден астам қаражатты өндіріп алуды міндеттеді.

Ал Qazaq Banki есебіне - 46 млрд теңге мен 1 млрд теңгеден астам қаражатты құрайтын баж салығы, Евразиялық банк есебіне - 24 млрд теңге мен 725 млн теңгені құрайтын баж салығы өндіріп алынатын болады.

Азаматтық талапты орындауға барлығына екі ай уақыт берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901746-eks-bankir-zomart-ertaev-tagy-da-togyz-zylga-sottaldy/

pixel