Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрбір бала үшін 4,2 млн теңге": Депутаттар ана капиталын енгізу туралы ұсыныс жасады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ана капиталын енгізуді ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутат Ерлан Смайыловтың айтуынша, бүгінде мемлекет тарапынан ана мен баланы қолдауға арналған бірқатар шаралар атқарылып келеді.

Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қарастырылған. Дегенмен, бұның барлығы ана мен баланың өмір сүру деңгейін көтеруге айтарлықтай ықпал жасап отырған жоқ. Оны ЮНИСЕФ-тің зерттеуі де растап отыр.

Қазақстанда балалардың 15,6 пайызы табысы ең төмен отбасыларда тұрады. Ал 15 пайыз - ол 1 миллион бала. Басым бөлігі - көпбалалы отбасының мүшелері. Бұдан бөлек, 500 мың толық емес отбасы бар. Жалғызбасты аналар мен жалғызбасты әкелердің жағдайы да мәз емес. 

"Мемлекет бір нәрсені анық түсінуі керек, бүгінгі кедей балалар – ол ертеңгі кедей мемлекет", - дейді Смайылов мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда депутаттар әлеуметтік төлемдер тұжырымдамасынан адам капиталына ақша салу жүйесіне көшу қажеттігін ерекше атап өтті.

Оны кәдімгідей идеологияға айналдыру керек. Мәжілісмендер ұлттық жобаны қабылдап, баласы бар отбасыларға инвестиция салуды ұсынып отыр.

"Елімізде әрбір бала үшін 4,2 миллион теңге көлемінде мемлекеттік төлемді ана капиталы ретінде енгізген жөн. Оны баспана алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, баланың біліміне және ананың зейнетақы жинақтарына жұмсауға болады", - дейді Ерлан Смайылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901757-arbir-bala-usin-42-mln-tenge-deputattar-ana-kapitalyn-engizu-turaly-usynys-zasady/

pixel