RU

Түркістан облысында полицейлер дүбірлеген тойдың үстінен түсті

Тойханадағы қонақтар
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Карантин мен бұқаралық іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, Сарыағаш ауданында 80 қонақтың қатысуымен отбасылық салтанат өтіп жатты. Полиция қызметкерлері тойды тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігерінің қаулысы негізінде, карантин режиміне бірқатар шектеу шаралары енгізілген. Осы талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында, Сарыағаш АПБ қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдарынан мобильдік топтар құрылып қарқынды жұмыс жүргізуде.

Сарыағаш ауданы Исмайлов көшесінде орналасқан "Нариман" тойханасында 70 жылдық той өтіп жатқаны анықталды. Тойханада шамамен 80-ге жуық адам болған. Полицейлер бірден әрекет етіп, тойды тоқтатып, қонақтарды қайтарды.

Осыған орай халықтың көптеп шоғырлануына жол беріп, карантин талаптарын орындамағаны үшін, тойхана егесі мен той иесіне қатысты іс-құжаттар рәсімделіп, Сарыағаш аудандық СЭББ-ға жолданған.

Сарыағаш аудандық полицейлері коронавирус инфекциясына байланысты карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастырып жатыр. Мобильдік топтар азаматтардың, сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базарлардың иелерімен, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин мен өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуын тексеруде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901776-turkistan-oblysynda-policeiler-dubirlegen-toidyn-ustinen-tusti/