Алматы облысында кішкентай қыздарды қаққан көлік жүргізушісі ұсталды
Жарияланған күні:
Қорамда мас күйінде төрт кішкентай қызды қағып кеткен "УАЗ" жүргізушісі қолға түсті. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Жол-көлік оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы 2- бөлігі (Алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан адамның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру) бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді полиция департаментінде.
Айта кетейік, Алматы облысында мас жүргізуші жол жиегіндегі төрт оқушы қызды қағып кетті.
Оқиға 2 наурыз күні сағат 18.40-та Қорам ауылында болған.
"Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны мас күйінде (орташа дәрежедегі) "УАЗ" көлігін басқарған. Ер адам Қорам ауылында Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай көшесімен қиылысында оқушы қыздарды қағып кетті: ол жолдың шетінде тұрған екі 8 жасар және екі 9 жасар қызды қаққан", - деп хабарлайды полиция өкілдері.
Жол апаты салдарынан үш қыз бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жеткізілген. Жүргізуші медициналық айықтырғыш пунктіне орналастырылған.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы 2-бөлігі (Алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан адамның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру) дерегі бойынша тергеу жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901838-almaty-oblysynda-kiskentai-qyzdardy-qaqqan-kolik-zurgizusisi-ustaldy/