Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматы облысындағы жол-көлік оқиғасына қатысты тергеуді өз бақылауына алды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы жол-көлік оқиғасына қатысты тергеуді өз бақылауына алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

"Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды.

Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі",- деді ол өз парақшасында.

Айта кетейік, Алматы облысында мас жүргізуші жол жиегіндегі төрт оқушы қызды қағып кетті. Оқиға 2 наурыз күні сағат 18.40-та Қорам ауылында болған.

"Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны мас күйінде (орташа дәрежедегі) "УАЗ" көлігін басқарған. Ер адам Қорам ауылында Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай көшесімен қиылысында оқушы қыздарды қағып кетті: ол жолдың шетінде тұрған екі 8 жасар және екі 9 жасар қызды қаққан", - деп хабарлайды полиция өкілдері.

Жол апаты салдарынан үш қыз бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жеткізілген. Жүргізуші медициналық айықтырғыш пунктіне орналастырылған. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы 2-бөлігі (Алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан адамның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру) дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті құрықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901849-toqaev-almaty-oblysyndagy-zol-kolik-oqigasyna-qatysty-tergeudi-oz-baqylauyna-aldy/