Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көптен күткен қуаныш": Семейлік әйел 51 жасында тұңғыш сәбиін босанды

Опубликовано:

Мейрамгүл Қажыбаева
Мейрамгүл Қажыбаева. Фото: Семей телеарнасы

Семей тұрғыны 51 жасында тұңғыш баласын босанды. Дәрігерлердің сөзінше, босану процесі сәтті өткен. Баласы мен анасы қазір өзін жақсы сезінеді деп хабарлайды semeytv.kz.

51 жастағы Мейрамгүл Қажыбаеваның арманы ақыры орындалды. Келіншек 14 жыл күткен тұңғышын өмірге әкелді. 15 ақпанда жарық дүниеге қыз бала келген. Анасы оған "Айсана" деген есім берген.

"Аяғым ауыр екенін білгенде қатты қуандым. Сол сәттен бастап дәрігерлердің кеңесін тыңдап, өз денсаулығымды күттім. Айтқандарын орындап, берген дәрісін іштім. Ауруханаға жат дегенде жаттым. Барлық туыстарым қуанышты. Мені білетіндердің бәрі қуанды. Көптен күткен қуаныш болғандықтан құттықтап жатыр", - дейді Мейрамгүл.

Қыз бала 2 келі 400 грамм болып туған. Десе де, оған қосымша медициналық көмек қажет болмапты. Анасы мен баласының жағдайы қалыпты.

Дәрігерлердің сөзінше, қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, салмақ қосып, ауруханадан шығуға рұқсат берілген. Мейрамгүлдің жасына қарамастан бала тек ана сүтімен қоректенеді.

Еске сала кетсек, Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге әкелді. Шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелген Айжан Пайшанованың бұған дейін 6 ұл, 3 қызы болған.

Дәрігерлердің сөзінше, бала мен ананың қазіргі жағдайы жақсы.

"Нұрсәттегі перзентханаға алғысым шексіз. Сіздерге, бәріңізге рақмет айтам. Барлық жағдай жасалған. Дәрігерлер балама да, өзіме де жақсы қарап жүр", - деді көпбалалы ана Айжан Пайшанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901979-kopten-kutken-quanys-semeilik-aiel-51-zasynda-tungys-sabiin-bosandy/

pixel