Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенатор жастар арасында белең алған бедеулік дертінің себебін айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова жастардың денсаулығына қатысты проблемалық мәселелерді көтерді деп хабарлайды Азаттық Рухы.

Оның айтуынша, елімізде 15 пен 24 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастардың үлесі халық санының кем дегенде 20 пайызын құрайды. Сонымен бірге, демографиялық болжам бойынша, 2025 жылға қарай осы жас тобындағы халық 25 пайызға немесе 700 мыңнан астам адамға өседі деп күтіліп отыр. Алайда сенатор соңғы үш жылда осы әлеуметтік топ ішінде жаңа ВИЧ-инфекцияларының өсуі 43 пайыз болғанын атап өтті.

"Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, жасөспірімдердің тек 9 пайызында АҚТҚ-ның берілу жолдары туралы жан-жақты білімі бар, 60 пайызы жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу әдістері туралы білмейді. Ал науқас жастардың 62,6 пайызы өз бетімен емделеді. Бұл қалыптасқан әдеттің ең көп таралатын салдары - бедеулік", - деді Ақмарал Әлназарова.

Сенат депутаты Қазақстанда жастарға қатысты 128 денсаулық орталығы жұмыс істейтінін атап өтті. Алайда олар аудандық емхана бөлімшелері түрінде ғана жұмыс істеп тұр. Депутаттың сөзінше, бұл орталықтардың дамуына кедергі болады.

Ол бұл шығындар бойынша жастар орталықтарының қызметі қамтылмайтынын және қызметтерді толық көлемде көрсетуге мүмкіндік бермейтінін жеткізді.

Сондай-ақ, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды анонимді диагностикалау және емдеу, сонымен қатар, профилактика, денсаулықты сауықтыру және басқа да мәселелер жастар үшін қолжетімді болмайды, деді Ақмарал Әлназарова.

"Үкіметтен халықаралық стандарттар негізінде жастарға қызмет көрсету бойынша сервистің одан әрі жетілдірілуі мен қолжетімділігі үшін жағдай жасауды, барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда заңды тәуелсіз жастар денсаулық орталықтарын құруды қарастыруды сұраймыз. Бұл толық және сапалы медициналық көмек көрсету, жастар арасында санитарлық-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру, тиісті көлемде қаражат бөлу үшін керек", - деді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902017-senator-zastar-arasynda-belen-algan-bedeulik-dertinin-sebebin-aitty/