Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан мектебінде сабақ кезінде төтенше жағдай болды

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласындағы №73 лицейде алғашқы оқу күнінде төтенше жағдай болды. Адамдарды эвакуациялуға мектептен шыққан түтін себеп болды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, екінші ауысым кезінде оқушылар мен мектеп қызметкерлері түтіннің иісін сезген. Кейінірек оқушылар сыртқа шығарылды, оқиға орнына өрт сөндірушілер, полицейлер мен дәрігерлер келді.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті сағат 15:19-да мектептен қоңырау түскенін жеткізді.

Оқиға орнына он құтқарушы мен екі техника барғаны белгілі болды.

"Түтін шығуға қысқа тұйықталу себеп болған, ештеңе жанбаған", - деп хабарлады елордалық ТЖ департаменті

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес,  оқу орнында материалдық шығын келмеген, кабельдер бүлінбеген. Жағдайға байланысты хаттама толтырылды. Тексерістен кейін барлық оқушы мектепке кірді. Мектеп штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, карантинге байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр. 4 наурыздан бастап мектепте оқушылар аралас форматта оқиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902045-nur-sultan-mektebinde-sabaq-kezinde-totense-zagdai-boldy/

pixel