Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында шахта опырылып, екі адам зардап шекті

Опубликовано:

шахта1
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында шахтада болған апат кезінде екі жұмысшы үйінді астында қалды. Арқаның ақ бораны кеншілерді таяқ тастам жердегі ауруханаға жедел жеткізуге мүмкіндік бермеді. Ақыры арнайы техника мен құтқарушыларды күтуге тура келген деп хабарлайды 31 арна.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Астрахан ауданындағы "Айна - ресурс" серіктестігінің тау - кен шахтасында орын алған.

Түнде үстіңгі қабаттағы үйінді құлап кеткен. Ал сол кезде екі кенші үйіндіден 100 метр тереңдікте жұмыс істеп жатыпты. Салдарынан 20 және 21 жастағы екі жігіт бел мен аяқтарынан жарақат алған.

Таяу жердегі кеншілер үйінді астында қалған екі жігітті дереу алып шығып, құтқарушылар келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетіпті.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге дер кезінде жете алмады. Сондықтан құқарушылар «Трикол-Вега» жол талғамайтын көлігімен жігіттерді 28 шақырым жердегі аудандық ауруханаға жеткізді", - деді Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Олег Малюк.

Қазір олардың жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

Еске сала кетсек, өткен жылы 30 желтоқсанда кен орнында жарылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде төрт адам қайтыс болған еді.

Ақтөбе облысының әкімдігі оқиға орнына жедел түрде өңір әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов пен ТЖД қызметкерлері аттанғанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902079-aqmola-oblysynda-saxta-opyrylyp-eki-adam-zardap-sekti/

pixel