Көктем келе салысымен Алматыда қар жауды (фото)
Жарияланған күні:
Алматының көктемгі жылы ауа райы лезде қарға айналды. Gismeteo сайтының мәліметінше, ертең мегаполисте +7 градусқа дейін сынап бағанасы көтерілетінін хабардар етті. Алайда, мамандар бүгін алматылықтарға жылы киіну туралы ескертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қар жаууы таңғы 3.50-де басталып, онға дейін жалғасты. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 09.00-ге дейін таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда 15-35 см, ал шаһарда 3-10 см қар жауған.
Gismeteo таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін, 2021 жылдың 5- наурызында, Алматыда ауа температурасы 0-мен 3 градус аралығында болады. Синоптиктер қар түске дейін жауады деп отыр. Содан кейін ол жаңбырмен жалғасып, кешке тоқтауы мүмкін.
Ертең сенбіде мегаполисте күндіз +7 градусқа дейін, ал жексенбі күні +9 градусқа дейін күн жылынады деп болжануда.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жасады. Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі айтарлықтай жауын-шашын мен қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.
Сонымен қатар, қала әкімдігі қаланың жоғарғы бөлігінде көктайғақтың алдын алу үшін қар жауғаннан бастап тас жолдарға арнайы заттар себіліп жатқанын және қардың тазаланып жатқанын хабарлады. Аталған жұмыстар қаланың орталық бөлігінде ағат 07.00-де басталды. Оған 1120 тонна мұзға қарсы зарттар пайдаланылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902116-koktem-kele-salysymen-almatyda-qar-zaudy-foto/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.