RU

Қарағандыда автобустың қатысуымен болған жантүршігерлік апаттан үш адам қаза тапты

ДТП в Карагандинской области
Фото: instagram.com/dorogi_karagandy

Қарағанды ​​облысында Газель мен автобус соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол көлік оқиғасы Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы елді мекенінен отыз шақырым жерде болды.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі алдын-ала болжам бойынша, апатқа 34 жастағы "ГАЗель" жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін деп хабарлады. Ол қарсы келе жатқан жолаққа шығып кетіп, автобусқа соғылды.

Салдарынан "ГАЗел" жүргізушісі мен жолаушысы және автобус жүргізушісі қаза тапты.

Автобустың Нұр-Сұлтан-Тараз бағыты бойынша қатынағаны анықталды. Соқтығысу кезінде оның ішінде төрт жолаушы болған. Олардың жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол көлік жағдайына қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалған. Тәртіп сақшылары сараптама тағайындады.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қарағандыда жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапқан еді. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Жол апаты Сортировкаға барар жолда болған. Жол-көлік оқиғасына №118 жолаушылар автобусы ұшыраған. Қоғамдық көлік салонында 45 адам отырған.

Облыстың полиция департаментінің ақпарынша, автокөлік автобусқа соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі түрлі жарақат алған, ал оның 23 жастағы жолаушысы көз жұмған.

Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902158-qaragandyda-avtobustyn-qatysuymen-bolgan-zantursigerlik-apattan-us-adam-qaza-tapty/