Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мемқызметкерлерге қазақ тілін меңгеруге қатысты талап қойылмақ

Опубликовано:

Қол қойып отырған ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілерге тілдерді меңгеру бойынша талаптар белгілеу мәселесін пысықтауда. Бұл жөнінде мәжіліс депутаттарының сауалына премьер-министрдің жауабында айтылған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілерге тілдерді меңгеру бойынша талаптар белгілеу мәселесін пысықтауда. Қазіргі таңда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлеріне қазақ тілін білу міндеттелген", - дейді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңның 9-бабына сәйкес меморгандардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады. Бүгінде заң талаптарына сәйкес барлық мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тілде әзірленуде.

Мемлекеттік органдар дайындайтын іс қағаздардың 93 пайызы қазақ тілінде. Заңның 10-бабына сәйкес мемлекеттік органдар жүйесінде, ұйымдарда, меншік нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік және орыс тілде қамтамасыз етіледі.

"Сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған заңнамалық жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленіп, парламенттің қарауына енгізілді. Заң жобасы деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыруда орфография нормаларын, мәтіндердің мағыналық және тең түпнұсқалық аудармасын сақтау талаптарын кеңейтуге мүмкіндік береді", - дейді премьер-министр.

Мамин президент жарлығына сәйкес тілдерді дамыту саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Білім және ғылым министрлігіне берілгендігін атап өтті.

"Бұл қоғамдық қатынастардың барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және мемлекеттік тілді оқып-үйренуге жағдай жасау, қазақ тілінің оқыту әдістемесін жетілдіру жұмыстарын бір орталыққа шоғырландырады, сондай-ақ мемлекеттік тілдің дамуына оң ықпал етеді.

Депутаттық сауалда аталған ұсыныстар Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру барысында қарастырылатын болады. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жұмыстары үкіметтің тұрақты бақылауында, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902215-elimizde-memqyzmetkerlerge-qazaq-tilin-mengeruge-qatysty-talap-qoiylmaq/

pixel