Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан тумасы 17 жыл бұрын көзіне тиген оқты алып тастау үшін дәрігерлерге жүгінді

Опубликовано:

Тапанша
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазір Ресейде тұратын Қазақстан тумасы дәрігерлерге ерекше мәселемен жүгінген. Ол ақ халаттылардан 17 жыл бұрын көзіне тиген оқты алып тастауды сұраған.

Алексейдің оқиғасын Mash telegram-арнасы жариялады.

Ер адамның айтуынша, ол Қазақстанда дүниеге келіп, осында ер жеткен. Кейін Мәскеудегі жоғары оқу орнының біріне түсіп, сол жаққа қоныс аударған.

2003 жылы жатақханада тұрған Алексей бір күні көршісінің бөлмесіне кіреді. Сол уақытта пневматикалық тапаншаны бөлшектеп отырған көршісі оның шүріппесін байқамай басып қалған. Оқ Алексейдің көзіне тиген.

Алексей ол уақытта полиция мен ақ халаттыларға жүгінбеген екен. Себебі, көзіне тиген оқ оны мазаламаған.

Тек 35 жасқа толғанда ғана оқты алып тастауға бекініпті. Себебі, МРТ жасауға снаряд кедергі келтірген екен. Қазір Алексей отаға дайындалып жатыр, ал полиция аталған факті бойынша тексерісті бастаған.

Айта кетейік, осыған дейін елордада қыз үшін жанжалдасқан жігіттер бір-біріне оқ атқанын жазған едік.

Аталмыш жайтқа қатысты елордалық полиция департаменті пікір білдірді. Анықталғандай, түнгі сағат 01:09-да қалалық ауруханаға 19 және 23 жастағы екі ер адам оқ жарақатымен түскен.

"Бұрыннан таныс адамдар арасында қыз үшін қару қолданып, төбелес болғаны анықталды. Жанжалға қатысқандардың барлығы ұсталып, "Байқоңыр" ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабардар етті полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902242-qazaqstan-tumasy-17-zyl-buryn-kozine-tigen-oqty-alyp-tastau-usin-darigerlerge-zugindi/

pixel