jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылды

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылды. Олардың бірі бала деп хабарлайды Қазақпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 4 наурыз күні Махамбет ауданында орын алған.

"Кешкі сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімшесіне полиция бөлімінен Ақтоғай елді мекенінде Салықов көшесіндегі үйлердің бірінен 4 адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 1974, 1991 жылы туған екі ер адам мен 1977 жылғы әйелдің, 2016 жылы өмірге келген қыз баланың қайтыс болғанын анықтады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алдына ала болжам бойынша, қаза болғандар көмірқышқыл газына уланған. Оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетін болады, деді ведомство.

Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.