Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құлатар едім": Қазақстандық боксшы қарсыласын актер деп атады

Опубликовано:

мәдиев
Фото: prosports.kz

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (13-2, 5 КО) пуэрторикалық Даниэлито Зорильяға (15-0, 11 КО) қарсы жекпе-жегі туралы пікірін айтты деп хабарлайды Prosports.kz.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жектің сегізінші раундында «Зорро» Мәдиев желкесінен ұрғанын айтып, төрешіге шағымданған.

Артынша кездесу тоқтап, төрешілердің шешімімен жеңіс Зорильяға берілген болатын. Кездесу «Зорроның» елінде өтті. 

«Тағы бір-екі раундтан кейін оны құлатар едім. Ол шаршап, жұдырықтасқысы келмеді. Тағы бір-екі раунд болғанда кездесу бітер еді. Ол боксшы емес, жақсы актер», - деді Мәдиев Little Giant Boxing-ге берген сұхбатында. 

Кейін Руслан Instagram-парақшасында кездесудің видеосын жариялап, тағы бір мәлімдеме жасады. 

«Алла қаласа, біз ораламыз», - деп жазды боксшы. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902282-qulatar-edim-qazaqstandyq-bokssy-qarsylasyn-akter-dep-atady/

pixel