Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында мұз құрсауында қалған көліктер мен адамдарды құтқаруда (видео)

Опубликовано:

қар жол
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысында 150-ден астам көлік қар құрсауынан құтқарылды. Жылыту пункттеріне 140 адам жеткізілген, оның 15-і балалар деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

5 наурыз күні сағат 12:30-да боранға, ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан - Шідерті тас жолының 200-254 шақырымында Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі автомобиль жолында көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

"Желдің күшеюіне байланысты қозғалыс екі бағытта да жабылды. Бірақ сол уақытта 500-ге жуық көлік Нұр-Сұлтаннан шығып кеткен болатын. Соның ішінде жолдың көрінбеуінен, дауылдың салдарынан қар құрсауында қалғандар бар. Павлодар облысына кіріп үлгерген көліктер саны - 150-170", - деді «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалының директоры Ақылбек Қабылдин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында.

Жол қызметкерлері жолды тазалаудан жеңіл машиналардан жүк көліктеріне дейін қарға кептелген көліктерді шығаруға көшті.

Айта кетейік, кеше кешке Семейге шығатын бағыттан басқа, Павлодар облысы арқылы өтетін барлық республикалық жолдар жабылды.

Қазір көліктердің колонналары бір қатарға жинақталған. Қатардың алдыңғы және артқы жағында жол қызметкерлерінің көліктері бар. Арнайы техниканың сүйемелдеуімен келе жатқан колонна сағатына 5-10 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен қозғалып келеді.

Ақылбек Қабылдиннің айтуынша, ең көп дегенде екі сағат ішінде барлық машиналар қардан шығарылып, Шідерті кентіне дейін жеткізіледі. Бұл учаскеде 10-нан астам техника жұмыс істеуде.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегеновтің айтуынша, қар құрсауынан түнде 5 жылыту пунктіне 140 адам әкелінген, оның 15-і балалар. 61 адам құтқарылды, оның 11-і балалар. 63 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала бар. Сондай-ақ қар құрсауынан 32 жеңіл және 3 жүк көлігі құтқарылды.

"Дауыл туралы ескерту екі күн бұрын берілген. Ақмола облысы бағытында күрделі жағдай қалыптасты. Сондықтан кеше сағат 14:30-да біз штаб пен сенім телефонын орналастырдық. Оған 9 қоңырау түсті. Жолда балаларымен бірге қалған бір автокөлік жүргізушісіне психологиялық көмек керек болды. Олар қауіпсіз жерге жеткізілді", - деді Ернұр Өтегенов.

Сонымен қатар, Железин ауданында түнде 50-ге жуық көлік кептеліп қалды. Бұнда жылыту пункті «Арман» спорт кешенінде, сондай-ақ Тереңкөл ауданында Федоровка ауылындағы «Самал» кафесінде ашылды. Ақтоғай ауданында Қожамжар ауылында 7 адам агротехникалық колледжге эвакуацияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902287-pavlodar-oblysynda-150-den-astam-kolik-qar-qursauynda-qaldy-video/

pixel