Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстан көліктің артында отыр: Экология министрлігі пікір білдірді

Опубликовано:

Арыстан
Фото: instagram.com/kris.p.online

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда көліктің ішінде арыстанның не себепті отырғанын анықтады.

Айта кетсек, бірер күн бұрын Қарағандыда жергілікті тұрғындар белгісіз адамдардың көлік ішіне арыстанды салып, тасымалдаған фотосын жариялаған еді. Кадрларда жыртқыш аң көліктің терезесінен қарап отырады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз хатшысы Самал Ибраеваның Facebook парақшасында мәлімдеуінше, арыстан жергілікті хайуанаттар бағына тиесілі.

"Алайда оны көліктің артқы орындығына отырғызып тасымалдауға рұқсат берілмеген. Аталған факті бойынша инспекторлар тиісті тексеру жүргізу үшін ІІД арыз жазды", - деп хабарлайды ол.

Сонымен бірге Ибраева ведомствоның елде хайуанаттар бағы болмауы тиіс деп есептейтінін мәлімдеді. Айтуынша, мұның салдары адамдар үшін де, аңдарға да қауіпті болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902301-arystan-koliktin-artynda-otyr-ekologiya-ministrligi-pikir-bildirdi/

pixel