Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аса ауыр қылмыстың жолы кесілді: Қаруланған топ Байқоңырға кірмек болған

Опубликовано:

Күдікті
Көрнекі фото: polisia.kz

Байқоңыр қаласында полиция қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған күдіктілерді ұстады. Бұл туралы қала әкімшілігінің ресми сайтында хабарланған.

Байқоңыр кешеніндегі Ресей ІІМ хабарлауынша, Ресей Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің "Байқоңыр" кешеніндегі бірлескен іс-қимылдарының арқасында Байқоңыр қаласының қауіпсіздік және режим басқармасы, "БайконурСвязьИнформ" МУК аумағына атыс қаруын алып кірмек болғандардың әрекетін тоқтатқан.

Оқиға 26 ақпанда болған. Алайда ол туралы бірер күн бұрын ғана хабарланған.

"БайконурСвязьИнформ" МУК бейнебақылау бөлімінің технигі 7-ші ықшамауданнан Ақай ауылдық округі маңынан қару-жараққа ұқсас заттары бар азаматтардың пайда болуын байқаған. Ер адамдар көлікке отырып, белгісіз бағытқа қарай кеткен. Техник бұл туралы "Байқоңыр" кешеніндегі Ресей ІІМБ кезекші бөліміне хабарлаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ішінде үш қаскөй отырған автокөлікті ұстаған. Күдіктілердің бірі полициядан қашуға тырысқанымен, әрекеті сәтсіз аяқталған.

Ұсталғандарды жеке тексеру кезінде олардан 4 патрон мен мылтық табылған. Сонымен бірге көлік жанынан травматикалық тапанша мен 5 оқ анықталған.

Зерттеу нәтижесінде тәркіленген патрондар оқ-дәрілер қатарына жататыны және атуға жарамды екені, сондай-ақ мылтықтардың қолдан жасалған атыс қаруы екені анықталған.

Байқоңыр кешеніндегі Ресей ІІМБ бөлімі Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 222 бабында (Қаруды, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) көрсетілген қылмыс белгілері бойынша іс қозғаған.

Аталған бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Байқоңыр қаласының қауіпсіздік және режим басқармасының айтуынша, аса ауыр қылмыстың жолы кесілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902307-asa-auyr-qylmystyn-zoly-kesildi-qarulangan-top-baiqonyrga-kirmek-bolgan/

pixel