Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңге алып кеткен күдікті ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырауда шағын несие кеңсесіне шабуыл жасап, 400 мың теңгені алып кеткен күдікті ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тонау дерегі 5 наурызда Атырау қаласында тіркелген.

"Күндізгі сағат сағат 10:45 шамасында "102" операторына Вокзал маңы шағын ауданында орналасқан шағын несие кеңсесінің кассирі телефон соққан. Кассир медициналық бетперде киген белгісіз азаматтың сағат 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткенін хабарлады.

Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, қылмыстың ізін суытпай 25 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 192-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Ақтауда 6 наурызда сағат 16.00-де "102" пультіне тіс емханасына ер адамның пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат түскен еді.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар бұрын сотталған 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Тәртіп сақшылары қылмысты 30 минуттың ішінде ашқан. Ер адам өз ісін мойындапты. Сондай-ақ күдіктіден заттай айғақтар алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902335-400-myn-tenge-urlagan-atyrauda-sagyn-nesie-kensesin-tonagan-kudikti-ustaldy/

pixel