Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда пышақпен тіс емханасына шабуыл жасаған күдікті ұсталды (фото, видео)

Опубликовано:

Тіс емханасы
Видеодан кадр: Маңғыстау облысы ПД

Ақтауда ер адам тіс емханасының кассирін пышақпен қорқытып, 200 мың теңге ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Полиция қарақшылық жасаған күдіктіні қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 наурызда сағат 16.00-де "102" пультіне тіс емханасына ер адамның пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат түскен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар бұрын сотталған 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Тәртіп сақшылары қылмысты 30 минуттың ішінде ашқан. Ер адам өз ісін мойындапты. Сондай-ақ күдіктіден заттай айғақтар алынған.

Қылмыстық кодекстің 192-бабы, 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кетейік, Байқоңыр кешеніндегі Ресей ІІМ хабарлауынша, Ресей Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің "Байқоңыр" кешеніндегі бірлескен іс-қимылдарының арқасында Байқоңыр қаласының қауіпсіздік және режим басқармасы, "БайконурСвязьИнформ" МУК аумағына атыс қаруын алып кірмек болғандардың әрекетін тоқтатқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902333-aqtauda-pysaqpen-tis-emxanasyna-sabuyl-zasagan-kudikti-ustaldy-foto-video/

pixel