Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытты отбасы" бағдарламасы қашан басталатыны белгілі болды

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pexels.com

Баспана кезегіне тіркелген отбасыларға 2% мөлшерлемесімен несие беретін "Бақытты отбасы" бағдарламасы қай айда басталатыны белгілі болды.

Бұл туралы "Отбасы банкі" Instagram желісіндегі ресми парақшасында жария етті.

"Достар, көптен күткен "Бақытты отбасы" бағдарламасы сәуір айында басталатыны туралы қуана хабарлаймыз.

Бұл бағдарламаға жергілікті әкімдікте келесі санаттар бойынша баспана кезегіне тіркелген отбасылар қатыса алады:

  • көпбалалы отбасы
  • толық емес отбасы
  • мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы", - деп жазылған "Отбасы банкінің" Instagram парақшасында.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша несиенің мөлшерлемесі екі пайызды құрайды. Ал бастапқы жарна - 10%.

Айта кетсек, "Бақытты отбасы" бағдарламасы - табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасы. Несиені 20 жылға дейін рәсімдеуге болады.

Еске салсақ, бұған дейін "Бақытты отбасы", "Шаңырақ" тұрғын үймен қамту бағдарламаларының шарттары өзгергенін жазған едік.

Екі бағдарлама бойынша да үй алуға ниетті салымшылардың табыс шегі ұлғайтылды. Енді "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша әр отбасы мүшесіне шаққандағы айлық табыс мөлшері 3,1 күнкөріс минимумынан аспауы шарт немесе 106 336 теңгеден аспауы тиіс.

Бұл меже бұған дейін екі күнкөріс минимумын құрайтын. Өзгертулер 2021 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902422-baqytty-otbasy-bagdarlamasy-qasan-bastalatyny-belgili-boldy/

pixel