"Әпкем басымды жарып қойды": Туған әпкесінен таяқ жеген әйелдің тағдыры елді жылатты
Жарияланған күні:
Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған "Жан-Сая" дағдарыс орталығына туған әпкесі күн көрсетпеген келіншек ауыр жағдайда түсті. Әпкесі саптыаяқпен басын жарған Радмиланы (кейіпкердің қауіпсіздігі үшін есімі өзгертілді – ред.) құқық қорғау органдары дағдарыс орталығына тапсырған. Туғанынан таяқ жеп, ақшасыз, киімсіз қашып шыққан әйелдің дәрі-дәрмегін алуға мейірімді жандар көмектесті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алматыға әпкесінің шақыртуымен келген Радмиланың бұған дейінгі өмірі бірқалыпты әрі тыныш болатын. Алайда, әпкесінің шақыртуымен, балаларына қарайласамын деген оймен алып шаһарға келген. Бірақ бауырының сөздері уәде күйінде ғана қалды. Ол қалаға келген сіңлісін өзіне басыбайлы құл қылып, уақыт өте келе қысым көрсете бастаған.
"Ол үйдің барлық тірлігі мен балалардың шаруасын менің мойныма іліп қойды. Одан бөлек, үнемі арақ ішіп келіп, мазамды алатын, аузына келгенін айтып, балағаттайтынды шығарды. Соның салдарынан психологиялық және моральдық қысымға ұшырадым. Әпкемнен әбден шаршаған кезде бөлмеме қамалып, күні бойы отырудан басқа амал қалмайтын. Ал менің бөлмеден шықпағанымнан ол одан сайын өршелене түсті. Әпкемнің қылығынан әбден мезі болған соң, оған қарсылық көрсете бастадым. Сондай сәттердің бірінде ол қолындағы шыны саптыаяқпен менің басымды жарды", - дейді Радмила.
Осыдан соң Радмила бірде бір затын алмастан, үйден қашып шығып, дәрігерлерк өмегіне жүгінген. Олар зәбір көрген әйелдің ауыр жарақатын тігіп, ем дом жүргізеді. Сол бойда Радмиланың жағдайынан хабардар болған дәрігерлер дереу құқық қорғау органдарына хабар береді. Ал өз кезегінде полицейлер келіншекті «Жан Сая» дағдарыс орталығына жіберген.
Орталыққа келгенде Радмиланың жарақаты ауыр болатын. Дәрі-дәрмек алуға ақшасы болмағандықтан, бас жарақаты одан сайын өрши берді. Қуанышқа қарай, қайырымды жандар оған қажетті дәрі-дәрмекті толық алып берді. Бүгінде заңгерлер Радмила мен әпкесіне ортақ пәтер мәселесін шешумен айналысып жатыр. Ал психологтар оған барынша көмек көрсетуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902435-apkem-basymdy-zaryp-qoidy-tugan-apkesinen-tayaq-zegen-aieldin-tagdyry-eldi-zylatty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.