Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмабекке хабарлас": Түркістан облысында полицейлер ереже бұзған адамды жібере салған (видео)

Опубликовано:

Жұмабекке қоңырау шал
Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында түсірілген видео пайда болды. Көлікте кетіп бара жатқандар қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзғанын камераға түсірген. Полицейлер тоқтатқан кезде жүргізуші тәртіп сақшыларына Жұмабекке хабарласу керектігін айтқан. Осыдан кейін ереже бұзғандарды жібере салған. Бұл жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кадрдан видеоның жол ережесін бұзған көліктің ішінде түсірілгенін аңғаруға болады.

Салондағылар қарсы жолақта келе жатқандарын айтып, мақтанған. Бір мезетте көлікті полицейлер тоқтатқан. Алайда көлік жүргізушісі оларға "Не болды? Жұмабекке хабарлас" деген.

Осыдан кейін автокөліктің әрі қарай кете бергені көрсетіледі.

Дегенмен кейінірек, өзінің аты-жөні мен нақты не болғанын айтқан жүргізушінің видеосы пайда болды.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары тәртіп сақшыларының ереже бұзғандарды жібере салғанына күйінген.

Осы ретте Түркістан облысы полиция департаменті болған жайтқа қатысты пікір білдірді. Ведомство әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында жол ережесін өрескел бұзғандардың видеосын анықтағанын хабарлады.

"Белгісіз автокөліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, қозғалған, сөйтіп апаттық жағдай туғызған. Оқиғаның Түркістан облысы Отырар ауданындағы тас жолдардың бірінде болғаны анықталды", - дейді департамент.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізіп, жүргізушінің кім екенін анықтаған. Ол Lada Priora көлігін тізгіндеген Шымкент тумасы болып шыққан.

Ер адамға қатысты жол ережесін бұзу және полиция қызметкерінің алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту талабын орындаудан жалтару бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Автокөлік айып тұрағына қойылған. Жүргізушіге қандай жаза тағайындалатынын сот шешеді.

Ведомство жүргізушіні жібере салған Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902536-zumabekke-qonyrau-sal-turkistan-oblysynda-policeiler-ereze-buzgan-adamdy-zibere-salgan-video/

pixel