Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмабекке хабарлас": Полиция Жұмабек есімді адамның құзырлы органда жұмыс істейтінін анықтады

Опубликовано:

Жұмабекке қоңырау шал
Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

Түркістан облысында полицейлердің "Жұмабек" деген азаматқа сүйеніп, жол ережесін өрескел бұзған ер адамды жібере салған видеосы қоғамдық резонанс тудырды. Осы орайда өңірлік полиция департаменті Жұмабек есімді полиция қызметкері бар екенін анықтаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Отырар аудандық полиция бөлімінде Жұмабек Төлеген есімді полиция майоры жұмыс істейді. Ол Отырар аудандық полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы лауазымында, оның қарамағына екі қызметкер кіреді.

Бүгінде полиция қызметкеріне қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Түркістан облысында түсірілген видео пайда болды. Көлікте кетіп бара жатқандар қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзғанын камераға түсірген. Полицейлер тоқтатқан кезде көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларына Жұмабекке хабарласу керектігін айтқан.

Осыдан кейін полиция қызметкерлері ереже бұзғандарды жібере салған.

Түркістан облысы полиция департаменті болған жайтқа қатысты пікір білдірді.

Тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізіп, көлік жүргізушісінің кім екенін анықтаған. Ол Lada Priora көлігін тізгіндеген Шымкент тумасы болып шыққан.

Ер адамға қатысты жол ережесін бұзу және полиция қызметкерінің алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту талабын орындаудан жалтару бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902567-zumabekke-qonyrau-sal-zol-erezesin-oreskel-buzgandar-esimin-atagan-adamnyn-kim-ekeni-belgili-boldy/

pixel