Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан билігі 80 мың қандасты елге қоныстандыруға ниетті

Опубликовано:

Құжат1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстан билігі 2025 жылға дейін елге 80 мың қандасты (этникалық оралман қазақтар) қоныстандыруға ниетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы премьер-министр Асқар Маминнің депутаттық сауалға берген ресми жауабына сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен "Nur Otan" партиясының бір топ депутаттары премьер-министрге сауал жолдап, онда елдегі көші-қон және демографиялық процестерді тұрақтандыру мақсатында үкіметтен үміткерлерге квотаны көбейту жөнінде шаралар қабылдауды сұраған.

Маминнің жауабында 1991 жылдан бері барлығы 1 млн 70,3 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 мыңнан астам адам көшіп келіп, қандас мәртебесін алды, оның ішінде өңірлік қабылдау квотасына 1 378 қандас енгізілгені туралы айтылған.

Ағымдағы жылы этникалық қазақтардың, жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінің ұсыныстары мен өтініштерін ескере отырып, аймақтық квота саны 1426-ны құрады.

""Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: әрбір азаматқа лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 2025 жылға дейін 80 мың қандастың, оның ішінде 2021 жылы 12 мың қандастың қайта оралуына жәрдемдесу жоспарлануда", – делінген құжатта.

Осыған байланысты, сондай-ақ шетелден келетін қандастар санының ұлғаюын ескере отырып (ЖАО өтінімдерінің негізінде), қандастарды қабылдау квотасы қайта қаралатын болады.

Жауапта айтылғандай, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, "бір терезе" қағидаты бойынша "қандастарға" мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі жол картасы іске асырылуда.

"Ағымдағы жылдың II тоқсанында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өңірлік квотаға енгізуді, тұрақты тұруға рұқсат алуды және жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды көздейтін "қандастарға" мемлекеттік қызметті бір мезгілде көрсету іске қосылатын болады", – деп хабарлады Мамин.

Республикамызға келетін этникалық қазақтар үшін қолайлы жағдайлар жасауды, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының белгіленген көрсеткіштерін ескере отырып, қоныс аударушыларды және қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталарын қалыптастыруды көздейтін Көші-қон саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902679-qazaqstan-biligi-80-myn-qandasty-elge-qonystandyruga-nietti/

pixel