RU

Қостанай облысында бұған дейін 7 адам қайтыс болған тасжолда әйел апатқа ұшырады

Көлікте отырған бойжеткен
Көрнекі фото: piqsels.com

Қостанай облысындағы тасжолда жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып қалды. Нәтижесінде Hyundai көлігін тізгіндеген әйел қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 9 наурызда сағат 21.35 шамасында Қостанай-Әулиекөл-Сұрған жолының 37-ші шақырымында, Айсары ауылының маңында болған.

Мұнда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai автокөлігін басқарған 37 жастағы Қостанай тұрғыны алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (жол қозғалысы ережелерін бұзу, адам өліміне әкеп соқтыруы) бойынша жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін 7 адам көз жұмған жол-көлік оқиғасы болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде тараған еді. Кадр сыртындағы дауыс жол апатының Ақсу ауданындағы Қызылағаш пен Сағабүйен ауылдарының арасында болғанын түсіндіреді.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сүйенсек, Lexus маркалы көлікті басқарған Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны алдындағы көлікті басып озбақ болып, қозғалыстың қарсы бағытына шығып кеткен.

Осы кезде Mitsubishi Pajero көлігімен соқтығысқан. Көлікті Нұр-Сұлтан қаласының 63 жастағы тұрғыны басқарған.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында Lexus көлігінде отырған 3 адам, Pajero көлігіндегі 4 адам адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902690-qostanai-oblysynda-bugan-deiin-7-adam-qaitys-bolgan-taszolda-aiel-apatqa-usyrady/