Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Билік жапқан" ток-шоу эфирге қайта оралды

Опубликовано:

Неге
Фото: 31 арна

"Неге?" қоғамдық-саяси ток-шоуы наурыз айында қайта эфирге оралады. Жылдың басында "31 арнаның" Ақпараттық бағдарламалар директоры Болат Мүрсәлім "Бағдарлама өз-өзін ақтамағандықтан жабылды" деп еді. Алайда, қоғам белсендісі Дина Елгезек "Неге?" сайлау алдында елдің көңілін аулау үшін ашылып, сайлау жақындағанда жабылды" деді. Көрермендердің біразы да бағдарламаны "билік жапты" деген пікірде.

"Неге?" не үшін жабылды және неге қайтадан ашылып жатыр?

Шынын айту керек, қазақстандықтар саяси бағдарламаға аса қызықпайтын болып шықты. Бізде ғана емес, басқа арналардағы да саяси ток шоулардың рейтингі көңіл көншітпейді. "Неге?" хабары рейтингтің төмен болуына байланысты жабылған еді. Бұл жерде мәселе қаржыға келіп тірелді. Егер рейтингіміз жоғары болғанда бағдарлама жалғаса беретін еді деп ойлаймын. Бірақ, мақсат рейтинг жасау емес еді. "Неліктен қайта ашылды?" десеңіз айтайын, біз биылғы маусымды қаржыландыратын көз таптық.

Бағдарламаға теледидардан көп көріне бермейтін Рысбек Сәрсенбай, Жарылқап Қалыбай сияқты оппозициялық тұлғалар келді. Эфир қонақтары билікпен бірге шешіле ме?

Шынымен бағдарламаға соңғы уақыттарда теледидарға шыға бермейтін оппозициялық тұлғаларды да шақырдық. Оларға өз ойын ашық айтуға мүмкіндік бердік. Көбі бағдарламадан соң өз ризашылығын білдіріп жатты. Эфир спикерлерін билікпен бірге шешпейміз. Билік диалог алаңы көше болмауы керек, диалог алаңы осындай ток-шоулар, дебаттар, дөңгелек үстелдер болуы керек деп жиі айтады. Бірақ билік айтқан диалогты билік тарапынан көре алмай жүрміз. Өйткені, биліктің тарапынан біз қалаған спикерлер, жоғары лауазымды меймандар бағдарламаға келе бермейді. Кейбірі мемлекеттік тілде ойымды толық жеткізе алмаймын деп жатады.

Неге
Фото: 31 арна

Бағдарламаны жасағанда қандай қиындықтар туындайды? Шақырған қонақтарыңыздың бас тартып жатқанын айтып жатасыздар. Жобаға қатысудан кімдер бас тартты?

Кез келген саяси бағдарламаның өз қиындығы болады. Оған қиындық ретінде қарамаймыз. Біздің 2 немесе 3-ақ спикермен бағдарлама жасаған кезіміз болған жоқ. Кімдер жобаға қатысудан бас тартты деген сұраққа жауап берсек, ұзаққа кетеміз. Ондайлар өте көп. Кейбірін эфир барысында айтқанбыз. Қайтадан қайталап айтудың қажеті шамалы.

Жаңа да айттық, "бұл жоба Парламент сайлауы алдында халықтың ойын басқа арнаға бұру үшін ойлап табылған" деген пікірлер бар. "Неге?" протестік көңіл-күйді басқа арнаға бұру үшін ойлап табылған жоба ма?

Бұл сұрақ өте тұрпайы сұрақ. Саясаттан мүлдем хабары жоқ адамдар көп нәрсе айта береді. Біз протестік көңіл-күйді басқа арнаға бұрсақ, неге онда хабарда ең қызу, ең жабық тақырыптарды талқыладық? Парламент сайлауы 2021-дің басында болды. Біздің жобамызға қаржы 2020 жылдың соңына дейін бөлінген. Бағдарламаны билік жапқан жоқ. Бірақ қысымдар болды. Оны да жоққа шығара алмаймыз.

Неге
Фото: 31 арна

Жобаның мақсаты қандай? "Қазақстан телевизиясында бәрі айтылады" деген көрініс жасау емес пе?

Жобаның негізгі мақсаты - мүмкіндігінше, қолдан келгенше диалог алаңына айналу. Әсіресе, теледидардан шыға бермейтін оппозиция өкілдеріне, қоғам белсенділеріне, айтары бар азаматтарға мінбер, мүмкіндік беру.

Ұлттық арнада сіздердің бағдарламаларыңызға ұқсас "Ашық алаң" тікелей эфирде өтеді. Неге "Неге?" тікелей эфирде емес?

Осы жаңа маусымды тікелей эфирде жүргізу ойда болған. Бірақ хабарда айтылған мәселелер тек қазақ тілді орта үшін ғана емес, бүкіл қазақстандықтарға әсіре кейбір ана тілін білмейтін биліктегі шенеуніктерге де жетсе екен деген оймен хабарымызды бұл жолы орысша субтитрмен беруді ұйғардық. Алайда аудармаға көп уақыт кететіндіктен таспада көрсету туралы шешім қабылдадық. Хабардың тікелей немесе таспада өтуінде аса айырмашылық жоқ. Біз спикерлердің сөздерін қысқартпаймыз.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902734-nege-qogamdyq-sayasi-tok-souy-nauryz-aiynda-qaita-efirge-oralady/

pixel