Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Боди массаж құны 20 мың теңге": Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды (видео)

Опубликовано:

Боди массажбен айналысқандар
Видеодан кадр: polisia.kz

Алматыда массаж салонының атын жамылып жұмыс істеген тағы бір жезөкшелер үйі анықталды деп хабарлайды polisia.kz сайты.

Медеу ауданында интимдік сипаттағы қызмет көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. Онда 20-дан 33 жасқа дейінгі қыздар ақшалай сыйақы үшін өз клиенттеріне боди массаж жасаумен айналысқан.

"Мұндай массаж процедурасының құны шамамен 20 мыңнан 40 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды. Жеке үйдің ғимаратында алкогольдік ішімдіктерге толы бар және демалыс бөлмелері болған. Жеті қыздың алтауы – әр облыстан келген отандастарымыз, ал біреуі – Өзбекстан Республикасының азаматшасы.

Мұндай боди массаж интимдік қызмет түрі деп саналады және жезөкшелікпен теңестіріледі, сәйкесінше мұндай қызмет түрін ұсынушылар базаға жезөкшелікпен айналысатын адамдар ретінде енгізіледі.

Жеке басын анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін барлық “массажистер” полиция басқармасына жеткізілді", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Айта кетейік, 7 наурыз күні Есік қаласында жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 28 жастағы қонақүй әкімшісін ұстаған еді. Ол карантин уақытында интим қызметтер көрсетуге арналған притондар ұйымдастырып, оның қызметіне белсенді атсалысқан. Жеңгетайлықпен айналысқан әйел жеңіл жүрісті қыздар мен клиенттерден ақша алу арқылы оларға үй-жай беріп отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902759-bodi-massaz-quny-20-myn-tenge-almatyda-tagy-bir-zezokseler-uii-anyqtaldy-video/

pixel