Қазақстанда өткен тәулікте неше адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Опубликовано:

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 752 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 220 770-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Қазақстанда өткен тәулікте 752 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 94,
Алматы қаласы - 197,
Шымкент қаласы - 18,
Ақмола облысы - 52,
Ақтөбе облысы - 14,
Алматы облысы - 45,
Атырау облысы - 33,
Шығыс Қазақстан облысы - 18,
Жамбыл облысы - 17,
Батыс Қазақстан облысы - 74,
Қарағанды облысы - 62,
Қостанай облысы - 50,
Қызылорда облысы - 1,
Маңғыстау облысы - 4,
Павлодар облысы - 53,
Солтүстік Қазақстан облысы - 19,
Түркістан облысы - 1.
Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталды.
Көктемнің алғашқы айында мектеп мұғалімдеріне, ЖОО педагогтарына, сондай-ақ ведомстволық медицина қызметінің қызметкерлеріне, жалпы алғанда 150 мыңдай адамға екпе салу жоспарлануда.
Мәселен Нұр-Сұлтанда вакцина салдыратындардың тізімі жасалып, емханаларға берілген.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ол үшін 36 емхана мен ведомстволық медициналық ұйымдарда екпе егу пункттері ұйымдастырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902775-qazaqstanda-otken-taulikte-nese-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/