Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин жеңілдеп, билет бағасы қымбаттайды: Көктемде қазақстандықтарды не күтіп тұр

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: Marijan Murat/picture alliance via Getty Images

Көктем мезгілінде қазақстандықтарды бірқатар өзгерістер күтіп тұр. Атап айтқанда, карантин жеңілдетіліп, вакцинациялаудың екінші кезеңі басталады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқып, біле аласыздар.

Карантин жеңілдетіледі

Еліміздің бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Соған сәйкес, "жасыл" және "сары" аймақтағы өңірлерде карантин жеңілдейді.

"Жасыл" аймақтағы өңірлерде жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстарына, 50 адамға арналған еске алу астары, бильярд қызметіне, ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына, цирктерге жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Ал "сары" аймақтағы өңірлерде базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады.

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталады

Ақпанда медқызметкерлерге екпе салынса, көктемнің алғашқы айында мектеп мұғалімдеріне, ЖОО педагогтарына, сондай-ақ ведомстволық медқызметтердің қызметкерлеріне, жалпы алғанда 150 мыңдай адамға екпе салу жоспарлануда.

Әскерге көктемгі шақырту басталады

Ақпанда мемлекет басшысы 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Қарулы күштер қатарына 18-27 жас аралығындағы 13,5 мың адамды шақыру жоспарлануда.

Ұлттық банк 1000 теңгелік банкноттарды қабылдауды тоқтады

3 наурыздан бастап Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгеліктерді қабылдап, айырбастауды тоқтатады.

Пойыз билеттері қымбаттайды

Бүгіннен бастап Қазақстанда темір жол билеттері 7 пайзыға қымбаттайды. Бұл аймақаралық және қала маңы байланысының барлық әлеуметтік маңызды бағыттарына қатысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901316-karantin-zenildep-bilet-bagasy-qymbattaidy-koktemde-qazaqstandyqtardy-ne-kutip-tur/

pixel