"Жұмыскерлер зорлады": Алты жыл құлдықта болған қарағандылық әйел жанайқайын айтты
Жарияланған күні:
"Қарағанды облысында алты жылға жуық құлдықта болдым" деген Раушан Сейтахметова көпшіліктен көмек сұрап отыр. Айтуынша, Ұлытау ауданына қарасты қыстақтардың біріне көмекші болып барған оны, шаруашылық қожайыны күн сайын аясуыз ұрып соққан. Ал құлдықтан әрең құтылғанны жеткізген Раушанның арызын құзырлы органдар "қылмыстық құрам жоқ" деп қысқартып тастапты деп хабарлайды 31 арна.
51 жастағы Раушан Сейтахметова өмірінің сұмдық жылдары туралы ботадай боздап айтып отыр.
Оның сөзінше, 2014 жылдың қарашасында Ұлытаудағы шаруа қожалығының иесі Раушанға жалақы төлеймін, ауылға көмекші керек деп ұсыныс жасаған. Жұмыс таппай жүрген әйел бірден келісіп, көлігіне отырып ілесіп кеткен.
"Асау сиырларына дейін үйретіп, асау үстіңе қарай секіреді. Ұстатпаса өзіңді сүзеді. Оны байлай алмай жатсам, үлкен шоқпарды алып басымнан ұрып, келеді де ұрады", - дейді әйел.
Бұл тек көрген қорлығымның беті ғана дейді Раушан. Одан бөлек, әйел шаруашылықтағы азаматтар зорлағанын жеткізді.
"Жұмыскерлері қорлық-зомбылық көрсетіп маған. Бес жыл бойы зорлап кәдімгідей", - дейді қарағандылық.
Раушан өткен жылы қалаға қожайынмен азық-түлік алуға барғанда, базарда кездейсоқ туысын кезіктіріп қалғанын атап өтті. Ол сол жақынының арқасында құтылып шықтым деп отыр.
Қазір әйел Жәйрем кентінде пәтер жалдап тұрады. Ал облыстық полиция департаментіндегілердің айтуынша қыстақты бірнеше рет тексерген. Бірақ жұмысшылардың қорланғаны анықталмаған.
"2019 жылдың қыркүйегінде Ұлытау аудандық полиция бөліміне 1970 жылғы азаматшадан арыз түсті. Жұмыс беруші оның жалақысын төлемеді және ұрып соқты деген. Қылмыстық кодекстің 126 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалаған. Қыстақ иелерінен және жұмысшылардын жауап алынған. Ұрып-соғу мен зорлау анықталмады", - деді Қарағанды облысы полиция департаментнің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902777-zumyskerler-zorlady-alty-zyl-qultyqta-bolgan-qaragandylyq-aiel-zanaiqaiyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.