Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеден тағы бір қаржы пирамидасы шықты: Полиция зардап шеккендерге үндеу жасады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтөбе қаласының полициясы Home Auto Invest қаржы пирамидасының құрбандарын іздеп жатыр. Олардан қылмыстық істің материалдарымен танысу үшін бөлімшеге келуін өтінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Home Auto Invest" ЖШС қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық істі тәртіп сақшылары тергеді. Қазіргі уақытта процесс қылмыстық іс материалдарымен танысу сатысында.

Болжам бойынша алаяқтар 2019 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың ақпанына дейін сыйақы төлеуді сылтауратып, Атырау, Ақтөбе және Ақтау тұрғындарының ақшаларын иемденіп алған, сонымен қатар алаяқтар көлік құралдары мен жылжымайтын мүлікті бөліп төлеп алған. Үш ақтөбелік қылмыс жасады деп күдіктелуде.

"Біз осы қылмыстық іс бойынша жәбірленушілерден 20 наурызға дейін жұмыс уақытында Ақтөбе қаласында, Жұбанов көшесі, 271А, 424 кабинетте жұмыс уақытында қылмыстық істің материалдарымен танысу үшін келуін сұраймыз", – деп полиция алаяқтардың құрбандарына үндеу жасады.

Еске салсақ, 2020 жылы қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 8 млрд теңгеден аса қаражат құйған болатын. Соған қарамастан ел ішінде оңай пайдаға кенелгісі келетіндер азаяр емес.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің саны 40 мыңнан асып жығылады. Желге ұшқан қаражаттың көлемі 8 млрд 300 миллион теңгеден асқан.

Оған қоса, былтыр экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісін анықтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902802-aqtobeden-tagy-bir-qarzy-piramidasy-syqty-policiya-zardap-sekkenderge-undeu-zasady/

pixel