Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

23 млрд теңге: Қазақстанда мемлекеттік сатып алудағы заң бұзушылықтар анықталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаржы министрі министрлер кабинетінің онлайн-отырысында ведомство жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуда 23 миллиард теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылықтар анықтағанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдың қаңтар-ақпанында камералық бақылау 2,3 трлн теңгені құрайтын 213 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу процедураларын қамтығанын айтты.

"Тексеру нәтижелері бойынша 6153 процедурада заң бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы 5 600 хабарлама орындады. 491 аудиторлық іс-шаралар өткізілді. Аудит 237 миллиард теңгенің бюджет қаражатын қамтыды. Қаржылық бұзушылықтар сомасы 23 миллиард теңгені құрады", – деді қаржы министрі.

Сонымен бірге, оның айтуынша, тауарлардың жеткізілімін қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке шығындарды өтеу және бухгалтерлік есепте көрсету арқылы 12 миллиард теңгеге заң бұзушылықтар жойылды.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан әкімдігінің мердігер ұйымдары мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген еді.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында қала әкімдігінің тауар-материалдық заттарды қымбат бағада сатып алғаны белгілі болған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 1 млрд теңгеден астам соманы құрайды.

Агенттік қазіргі таңда аталмыш факті бойынша қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына (ірі мөлшердегі сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902822-23-mlrd-tenge-qazaqstanda-memlekettik-satyp-aludagy-zan-buzusylyqtar-anyqtaldy/

pixel