Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынас кезінде жезөкшені тұншықтырған Теміртау тұрғыны 19 жылға сотталды

Опубликовано:

Аяқкиім мен кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Жыныстық қатынас кезінде жезөкшені тұншықтырып, қылмыс орнынан қашып, ақшасын және алтын зергерлік бұйымдарын алып кеткен Теміртау қаласының 19 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қайта қаралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Соттың хабарлауынша, алғашқы үкімнің күші жойылғаннан кейін Теміртау қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қайта қаралды.

"Сотталушы ақылы интимдік қызмет көрсеткен әйелді өлтірді, сондай-ақ оның мүлкін ұрлады деп айыпталды. Сот отырысы барысында алқабилердің қатысуымен қылмыстық іс материалдары, тергеу әрекеттерінің нәтижелері, заттай дәлелдемелер, сарапшылардың қорытындылары зерттелді. Жыныстық қатынас кезінде ер адам жәбірленушінің мүлкін ұрлау ойымен, оның мойнына белдікпен салып, содан кейін тыныс алу жолдарын жауып, белдікті тарта бастағандығы анықталды. Нәтижесінде тұршыққан жәбірленуші сол жерде қайтыс болды", – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі.

Сот тергеуі нәтижесінде сотталушы жасалған қылмыстан кейін жәбірленушіге интимдік қызмет көрсеткені үшін төлеген ақшасын ұрлап, оның ұялы телефоны мен алтын бұйымдарын да қолды қылғаны анықталды. Содан кейін ол қылмыс орнынан ізін суытқан.

"Алқабилер сотының үкімімен ол пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ер адам 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Моральдық зиян үшін өтемақы ретінде зардап шеккен тараптың пайдасына 10 миллион теңге өндірілді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ", – деп толықтырды Қарағанды ​​облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902872-zynystyq-qatynas-kezinde-zezokseni-tunsyqtyrgan-temirtau-turgyny-19-zylga-sottaldy/

pixel