Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жүздеген қазақстандықтың шотынан ақша алған хакер ұсталды

Опубликовано:

Ғаламтор алаяқ1
Көрнекі фото: pxhere.com

Алматы полициясы интернеттегі алаяқтық әрекеттермен айналысқан хакерді ұстады. Ұсталған адамнан 2 млн теңгеден астам ақша, 70-ке жуық SIM-карта және 18 банк картасы тәркіленді. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің онлайн-брифингі барысында айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

1992 жылы туған азамат өз "құрбандарын" танымал хабарландыру сайтының қосымшасы арқылы тапқан. Содан кейін фишингтік сайт арқылы (жеке ақпаратты алу үшін арнайы жасалған сайт - ред.) сатушылардың банк карталарының толық деректерін - карта нөмірін, CVV-кодын иемденіп алған және онлайн-қолма-қол ақшаға айналдыру үшін бөгде сервистер арқылы заңсыз аударымдар жасаған.

"Қылмыс схемасы мынадай: жәбірленушілер сайтта қандай да бір тауарды сату туралы хабарландыру жариялайды, содан кейін зиянкестер оған оның тауарына қызығушылық танытып, сатып алғысы келетіні туралы жазады, бірақ әртүрлі себептермен жеке кездесуден бас тартады және тауардың құнын банк картасына төлеуді ұсынады.

Осыдан кейін қаскүнем жәбірленушіге фишингтік сайтқа сілтеме жібереді, ол арқылы мәміле жасалады деп сендіреді. Аударымды растау үшін жәбірленушіге өзінің банк картасының деректерін енгізу ұсынылады. Зиянкес банк картасы туралы ақпаратты алғаннан кейін ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру схемасын іске қосады: Ол woopay.kz сайтына ақшаны абоненттік нөмір балансына аударғысы келетін иесі ретінде картаның нөмірін және картаның CVV-кодын енгізеді", - деді Алматы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рустам Әбдірахманов.

Әбдірахмановтың айтуынша, ақша осы мақсаттар үшін алдын- ала дайындалған абоненттік нөмірдің балансына түскен. Осыдан кейін кері процедура жасалған: нөмірлерден жалған тұлғалардың банктік карталарына ақша алынып, қолма-қол ақша шығарылған.

Күдікті жедел түрде анықталды. Ол қаладағы беделді қонақ үйлердің бірінде арнайы бөлімше жауынгерлері жүргізген арнайы операция барысында ұсталды.

"Санкцияланған тінту барысында түрлі маркалы 22 ұялы телефон, 21 қолданылған SIM-карта, күдікті ақша алуға киген киімі табылды және тәркіленді. Сондай-ақ, 2 ноутбук, 50 жаңа SIM-карта, 2 миллион 325 мың теңге сомасындағы қаражат, түрлі адамдарға ресімделген 18 дана банк картасы тәркіленді",- деді Әбдірахманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902875-almatyda-zuzdegen-qazaqstandyqtyn-sotynan-aqsa-algan-xaker-ustaldy/

pixel