Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда демалыс күндері автобус пен метро жүрмейді

Жарияланған күні:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты 13 және 14 наурызда қоғамдық көлік оның ішінде метро жүрмейді. Бұл туралы қалалық мобильділік басқарма Facebook-тағы ресми парақшасында хабарлады.

"Қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты және коронавирус инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау мақсатында алдағы демалыс күндері яғни 13 және 14 наурызда, қоғамдық көліктің, оның ішінде метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтатылады. Қоғамдық көліктің жұмысы дүйсенбі, 15 наурыз күні жоспарлы түрде қайта жанданданады", - деп хабардар етті басқарма.

Еске салсақ, бұған дейін Алматының "қызыл" аймаққа енуіне байланысты шаһарда карантин шаралары күшейтілетінін хабарлаған болатынбыз.

Бұл туралы онлайн-брифинг кезінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Әсел Қалықова айтты.

Қалықованың сөзінше, коронавирусты алматылықтардың басым бөлігі қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарда, отбасы мүшелерінен жұқтыруда.

Сонымен қатар коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне отбасылық іс-шаралар мен 1-5 сынып оқушыларының мектепке баруы да себеп болып отыр екен.

Маман 14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19 инфекциясын жұқтыру көрсеткіші артқанына да баса назар аударды.

Одан бөлек, ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен азаматтардың өзін-өзі оқшаулау режимін бұзуы, шетелден келетін жолаушылардан COVID-19-дың анықталуы да ауру жұқтырғандардың өсеуіне әкелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903037-almatyda-demalys-kunderi-avtobustardyn-qozgalysy-toqtatylmaq/