Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы "қызыл" аймақта: Қалада карантин шаралары күшейтілуі мүмкін

Опубликовано:

Газет оқып отырған адам
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматының "қызыл" аймаққа енуіне байланысты шаһарда карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы онлайн-брифинг кезінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Әсел Қалықова айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, 10 наурыздағы эпидемиологиялық ахуал бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары "қызыл" аймаққа енді.

Елімізде өткен тәулікте 693 адамнан коронавирус анықталса, оның 160-ы Алматыдан.

Қалықованың сөзінше, коронавирусты алматылықтардың басым бөлігі қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарда, отбасы мүшелерінен жұқтыруда.

Сонымен қатар коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне отбасылық іс-шаралар мен 1-5 сынып оқушыларының мектепке баруы да себеп болып отыр екен.

Маман 14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19 инфекциясын жұқтыру көрсеткіші соңғы 7 күнде 22,4 пайызға яғни 138-ден 169-ға дейін өскенін айтады.

Одан бөлек, ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен азаматтардың өзін-өзі оқшаулау режимін бұзуы, шетелден келетін жолаушылардан COVID-19-дың анықталуы да ауру жұқтырғандардың өсеуіне әкелген.

Сондай-ақ қалада күн жылына бастаған соң байланыс көбейіп, ауру жұқтыру ықтималдығы да артқан.

Осы ретте маман коронавирус жұқтырудың алдын алу үшін медициналық маска тағу керектігін тағы бір еске салды.

Ал Алматының "қызыл" аймаққа өтуіне байланысты қаланың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шығатынын, карантин шаралары күшейтілуі мүмкін екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902662-almaty-qyzyl-aimaqqa-endi-megapoliste-karantin-saralary-kuseitilui-mumkin/

pixel