Полицей құтқарып қалды: Атырауда екі жасөспірім мұз астына түсіп кеткен
Жарияланған күні:
Атырауда 11 наурыз күні сағат кешкі 8 шамасында 15 жастағы екі жасөспірім мұз астына түсіп кетті. Оларды құқық қорғау органдарының қызметкері суық судан алып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балықшы ауылында 15 жастағы екі ер бала мұз астына түсіп кеткен. Балалардың көмек сұрап, айқайлаған дауысын жақын маңайда жүрген полиция капитаны Асқар Қабдуллаев естіп қалған.
Ол бірден кәмелетке толмаған жеткіншектерді құтқаруға асыққан. Әбден әлсіреп қалған балалар мұзды судан өз бетінше шыға алмапты.
Дегенмен тәртіп сақшысы екі баланы құтқарып қалған. Ол жігіттерді өз үйіне апарып, жедел жәрдем шақырған.
Зардап шеккендердің бірі колледж студенті болса, екіншісі 8 сынып оқушысы екен.
Құтқарылған жасөспірімдердің ата-аналары Асқар Қабдуллаевқа алғыс білдіріп, оған нағыз батыр деген баға берген.
Еске сала кетсек, Семейде полиция қызметкері көшеде инсульт алып қалған ер адамның жүрегіне массаж жасап, оны жасанды жолмен тыныстандырған еді.
Оқиға түскен кейін көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған. Полицейдің іс-әрекеті туралы куәгерлердің бірі әлеуметтік желіде айтып берген.
"Менің көз алдымда адамды құтқарған полиция қызметкері Мыңғаев Асқарға үлкен алғысымды айтқым келеді. Мен көршіммен сөйлесіп тұрған едім, бір жігіт бізге жақындап, сол жерде құлады. Біз осы уақытта абыржып жедел жәрдемге қоңырау шала бастадық, маңайымызда полиция көлігі тұрған еді. Мұны көрген полиция қызметкері жүгіріп келіп оған жүрек массажын және жасанды тыныс алуды жасай бастады", - дейді куәгер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903070-policei-qutqaryp-qaldy-atyrauda-eki-zasospirim-muz-astyna-tusip-ketken/